Доклады и выступления

Аудан әкімі Ғ.Тоқпейісовтің Энергетиктер күні мерекесі құрметіне Аудандық энергетиктер жиынында сөйлеген ҚҰТТЫҚТАУ сөзі

Аса құрметті энергетика саласы қызметкерлері! Елімізде не көп, той мереке көп. Дана халқымыз тойды қазынаға, қонақты ырысқа балатын жақсы ырым бар. Әр мерекенің өз ерекшеліктері бар. Бүгінгі осы аталып өтіп отырған мереке тек сала қызметкерлері Сіздер үшін ғана емес жалпы Қазақстандықтар үшін зор маңызға ие. Сондықтанда арлықтарыңызды бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен құттықтап, еңбектеріңізге табыс, өздеріңізге зор денсаулық, отбасыларыңызға бере бірлік, елімізге ырыспен ынтымақ тілеймін. Құрметті қауым! Өткенде ғана біздер қазақстандықтар үшін ең ұлы да, қастерлі еліміздің Тәуелсіздіккүні мерекесін өз сән салтанатымен тойлап өттік. Ата бабаларымыз ғасырлар бойы армандап өткен, бүгінгі ұрпақтары біздер қол жеткізген Тәуелсіздік күні мерекесімен жалғасып, аталып өтіп отырған Сіздердің мерекелеріңіз алдағы жаңа жыл мерексімен жалғасын табады. Осындай ұлық мерекелер арқылы келер ұрпақтың бойына елжандылық, отансүйгіштік дәстүрді қалыптастырып, азам...
Подробнее Просмотры: 743 Категория: Общая Дата: 30.12.2014

Аудан әкімі Ғ.Тоқпейісовтің ауыл шаруашылық күні құрметіне жиналған ауыл шаруашылық сала қызметкерлері алдында сөйлеген сөзі

Құрметті ауыл шаруашылық саласы қызметкерлері! Бүгінгі бас қосу тек Сіздер үшін ғана емес жалпы аудан халқы үшін зор маңызға ие. Бұл жиын тек мерекелік көңіл күйге ғана бөлеп қоймай, сала бойынша барымызды бағалап, жоғымызды түгендеп, келер жылға атқарылар жұмыстарымызды айқындап алуға зор септігін тигізеді. Сонымен қатар жыл аяғында өткізіліп отырғандықтан ауданымыздың экономикалық және әлеуметтік жетістіктеріне тоқталып өткенді жөн санаймын. Биылғы жылы өнеркәсіпте 5 млрд 972 млн теңгенің (2013 ж - 5414 млн тг ) өнімі өндіріліп, физикалық индекс көлемі 108,2 пайызды құрады. Жалпы жылдың аяғына дейін 20 млн. теңгені құрайтын 1 инвестициялық жоба іске асырылып, 10 жаңа жұмыс орны ашылады. Атап айтсақ: «Корпарация прогресс» кәсіпорны (сағатына 130 тонна) асфалт шығаратын зауытының құрылысы аяқталып, рұқсат беру құжаттары рәсімделуде. Шағын және орта кәсіпкерлік саласы бойынша 133 млн теңгенің өнімі өндірілді. (өткен жылы 126 млн теңге болған). &la...
Подробнее Просмотры: 801 Категория: Общая Дата: 30.12.2014

Аудан әкімі Ғ.Тоқпейісовтің ауданаралық мәдениет күндері құрметіне жиналған халыққа арнаған ҚҰТТЫҚТАУ сөзі

Құрметті Тынышбай Досымбекұлы ! Құрметті алыс жақыннан келген қонақтар! Қасиетті Көксу жеріне қош келдіңіздер! Барлықтарыңызды елдікпен бірліктің ұйтқысы болған Мәдениет күні мерекесімен аудан халқының атынан құттықтаймын! Ұлт көшбасшысы Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Рухы еркін-халыққана ұлы істерді атқара алады»-деп болашаққа жол сілтеді. Алматы облысы көлемінде дәстүрге айналған аудандардың Мәдениет күндері бүгінде уақыт тынысымен үндесіп, мазмұнымен толысып, жаңа биіктерге қол жеткізді. Ардақты ағайын! Дана халқымыз Ел бірлігі жайында «төсекте бастарың, төскейде малдарың қосылсын» деп ұлы тілекпен бата бергенде тілегендері осындай салтанатты, думанды бас қосу болғаны деп түсінемін. Бүгінгі мәдени іс-шараға біздің аудан халқы ертеден дайындалып, тағатсыздана күтті. Қазіргі таңда егініміз орылып, шөбіміз шабылып, малымыз жайлауда семіріп, балаларымыз жаңа оқу жылына, халқымыз қыстың қамына дайындалуда. Дана халқымы...
Подробнее Просмотры: 722 Категория: Общая Дата: 30.12.2014

Құрметті салтанатты жиынға жиналған қауым! Қадірлі жерлестер!

Сіздерді қазақстандықтар үшін ең ұлы да, қастерлі мереке болып саналатын – еліміздің Тәуелсіздіккүнімен шын жүректен құттықтаймын! Қазақ халқы үшін сандаған ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздіктің қадір қасиетін асқақтататын бұл күн - біздің Отанымыздың әрбір азамаматы үшін қастерлі мереке. Мемлекеттік мерекелердің ішінде ерекше маңызға ие мерекенің бастауы 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заңы қабылдануына құрмет көрсетуден басталады. Бүінгі қастерлі мереке құрметіне бір сәт халқымыздың өткен тарихынан тағылым алып, елім деп өткен ерлер мен елі үшін жанын қиған асылдарымыздың рухына бас исек, абыройымыз асқақтап елдігіміз нығаяа түсері сөзсіз. Бүгінгідей егемендік мерекесіне жету жолында халқымыз қаншама ұлт азаттық көтерілістерге, зіл батпан нәубатқа толы ауыртпалықтарды басынан өткізседе жасымайтын асқақ рухы, қайтпайтын табандылығы-өшпес өнеге, өлмес мұра болып келді. Осы көтеріліс жол...
Подробнее Просмотры: 650 Категория: Общая Дата: 16.12.2014

Аудан әкімі Ғ. Тоқпейісовтің Алматы облыстық сот тeрағасы Мейрамбек Тәймерденүлымен аудан активтерімен eткізген кездесуде сeйлеген қортынды сeзі

Қүрметті Мейрамбек Тәймерденүлы! Сізбен eткізілген бүгінгі кездесу зор мағыналы болды деп ойлаймын. Күні кеше ғана Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Нүрлы жол болашаққа бағыт» атты Жолдауын Қазақстан халқы зор ықыласпен қарсы алды. Ендігі кезекте Жолдаудан туындаған міндеттерді халыққа жеткізу, оны іске асыру, насихаттау жолында кeптеген істер күтіп түр. Сонымен қатар алдымызда үлкен мейрам Тәуелсіздік күні мерекесі арқылы биылғы жылды қортындылаймыз. Аталған мереке қарсаңында ауданымызда экономкада, мәдениет саласы мен әлеуметтік салада кeптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Бүгінгі күні ауданымыздың мәдениет үйі күрделі жeндеуден eтіп, алғашқы іс-шара респуликалық деңгейдегі «Қазіргі заман қаћармандары» деп аталатын Республикалық акциямен басталуын жақсы ырымға баладық. Өткен тамыз айында үш ауданның мәдениет күні біздің ауданда eткізіліп, орталық саябақ және стадион күрделі және ағымды жeндеудерден, аудан әкім...
Подробнее Просмотры: 544 Категория: Общая Дата: 13.11.2014

Көксу ауданы әкімі Ғ.Тоқпейісовтің Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылуының 20 жылдық мерейтойына орай өткізілген салтанатты жиынында сөйлеген құттықтау сөзі

Көксу ауданы әкімі Ғ.Тоқпейісовтің Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылуының 20 жылдық мерейтойына орай өткізілген салтанатты жиынында сөйлеген құттықтау сөзі Балпық би ауылы 17 қараша 2014 жыл Қадірменді халық қалаулылары! Сіздерді Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Сіздер Тәуелсіз Қазақстан мемлекеттілігінің мызғымас негізін қалыптастыру жұмысында табанды да қажырлы қызмет атқарып жатқандарыңызды біз жақсы білеміз және үнемі жоғары бағалаймыз. Аудан жұртшылығының қалауымен сайланып, олардың еркін білдіретін Сіздер жергілікті қоғамдастықтардың тыныс тіршілігіне белсене араласып, жергілікті-жерлерде орын алып отырған көкейкесті мәселелердің шешілуін қамтамасыз ету ісінде жергілікті атқарушы органдарымен сенімді үзеңгілес ретінде тығыз байланыста, аянбай еңбек етіп жатқандарыңызды бүгін біз шексіз ризашылық сезіммен атап отырмыз. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай...
Подробнее Просмотры: 668 Категория: Общая Дата: 11.11.2014
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.