Вопросы и ответы

Сейтбатқал Қарлығаш

Дата: 21.04.2020
Просмотры: 48 Печать страницы
Вопрос: Құрметті аудан әкімі Әділ Алмас Қабдуұлы! Мен Сейтбатқал Қарлығаш Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы, Әйтеке би 22 үйде тұрамын. Сізден өтінерім Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы, Амангелді 3 жер теріміне екі қабаттық мейрамхана құрылысын жүргізбекшімін. Сізден рұқсат беруіңізді сұраймын. Құрылыстың кіріп-шығу есігі Алматы тас жолына бағытталуына байланысты біз осы екі мәселемен сізден шын жүректен көмек сұраймыз.

Ответ: 2020 жылғы 22 сәуір күні аудан әкімінің жеке блогына түскен № 2 б/а өтінішке төмендегіні хабарлаймыз:
Қазақстан Республикасында құрылыс жұмыстарын жүргізу үрдісі Қазақстан Республикасының «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңның (бұдан әрі-Заң) және басқа да нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Заңның 68-бабына сәйкес құрылыс процесiнiң тиiстi кезеңдерiнде осы бапта белгiленген рәсiмдер орындалуға және талаптар сақталуға тиiс екендігі анықталған.
Сондай-ақ, Республикалық маңызы бар Алматы-Өскемен тас жолының бойында салынатын құрылыс объектілері Облыстық және аудандық әкімдіктерінің қатаң бақылауында.
Осы айтылғанды ескере отырып «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығының 5-қосымшасымен айқындалған жалпы деректерді толық көлемде көрсете отырып өтінішіңізде айтылған Көксу ауданы, Балпық би ауылы, Амангелді көшесі, № 3 мекен жайында орналасқан жер телімінде салынуы жоспарланған құрылыс жобасының эскизін (эскиздік жобаны) аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарастыруға жолдауыңыз қажет.
Осы жауапқа келіспеген жағдайда Сіз «Қазақтан Республикасының Жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау тәртібі» туралы Заңының 14 бабына сәйкес, лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) не өтініш бойынша қабылданған шешімге шағым жасауға құқығыңыз бар.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.